И.П.Шухов атындағы Преснов ЖОББ мектеп-гимназиясындағы Шығыс халықтарының ерекше мейрамдарының бірі - Наурыз мерекесі туралы ақпарат
Наурыз – жыл басы! Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың басталғандығын білдіреді. Бұл мереке - ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған мейрамның бірі. Осынау көктен көпке шапағат төгілетін Ұлыстың ұлы күнін И.П.Шухов атындағы Преснов ЖОББ мектеп-гимназиясының оқушылары ерекше ықыласпен қарсы алды. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі «Армысың әз-Наурыз!» атты дәстүрлі жалпымектепішілік линейкадан басталды. Жоспар бойынша жауапты сынып ұжымы барлық мектеп оқушылары мен мектеп ұстаздарын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, мерекенің ашылу салтанатын бастап кетті.
12 -20 наурыз аралығында И.П.Шухов атындағы Преснов ЖОББ мектеп-гимназиясында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді. Жұмыстың мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды. Сынып оқушылары қабырға газеттерін жасап мектеп фойесін безендірді. Бастауыш сыныптары арасында ұлттық нақышта концерттік бағдарлама өткізілді. Жоғары сынып оқушыларына арнап «Сәлем, саған, Әз - Наурыз» мерекелік фестиваль шоу-бағдарламасы өткізілді. Барлық сыныптар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық киімдерін киіп келді. «Ұлы дала дәстүрі» атты сынып сағаттары өтті. Сонымен қатар мектепте қазақ халқының ұлттық ойындары ойналып, воллейболдан турнир ұйымдастырылды. Мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар өте қызықты өтті. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі.
Мерейлі мерекені жоғары деңгейде қарсы алуға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар барын салған. Нәтижесі таңдай қақтырарлық. Бастауыш сынып оқушыларының ата –аналары мерекелік дастарханын жайып, келген қонақтар астан дәм татты. Осы бүкілхалықтық мейрамды бір отбасы мүшелеріндей қарсы алу, жақсы дәстүрге айналды. Сондықтан мектебімізде 19 наурыз күні «Сәлем, саған, Әз - Наурыз» мерекелік фестиваль шоу-бағдарламасы өткізілді. Біздің мектебіміздің оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түсті. Бағдарламаға оқушылар белсене қатысты. Әсіресе 5 «б», «в» сынып оқушыларының еңбектерін ерекше атап өтуге болады, олар осы күні бай дастархан жайып, қонақтарды наурыз көжемен, бауырсақпен, шелпекпен, кәмпит басқада тәттілермен сыйлады. «Сәлем, саған, Әз - Наурыз» мерекелік шоу-бағдарламасы өте қызықты өтті
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді.